USD
USD
USD

Алматы облысында жұдырықпен үстелді ұрған бас дәрігер кешірім сұрады (видео)

Алматы облысында халыққа ақырып, үстелді тоқпақтаған Талғар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігер халықтан кешірім сұрады. 

Алматы облысында жұдырықпен үстелді ұрған бас дәрігер кешірім сұрады (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Оның айтуынша, тұрғындар жеке басына тиісе бастаған соң эмоциясын ұстай алмай, шектен шығып кетіпті. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы оның әрекетіне байланысты тексеру басталғанын жеткізді, деп хабарлайды Еуразия бірінші телеарнасы.

- Артық кеткенім рас. Себебі жиналыста сөзіңді ешкім тыңдамайды, содан тұрып кетіп қалдым. Бірақ халықтан үлкен нәрсе жоқ. Жұмысымыз да халықпен байланысты. Сондықтан кешірім сұраймын, - дейді Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Құлсейітов.

Оның айтуынша, ауруханада коронавируспен күресу үшін 2 айға жеткілікті дәрі-дәрмек бар. Ал мемлекет тарапынан берілетін тегін дәрілердің кейбір түрі жетіспеуде. Жұртшылық соған наразылық білдіруде екен. Сондай-ақ ол соңғы екі жылда еңбек демалысында болмағанын да жеткізді.

Ал дәріхана қызметкерлері келген дәрілерді бірден таратып жатқандарын айтуда. Жетіспеген препараттарға бірден тапсырыс беріледі екен. Осы аптада болмағанмен, келесі аптада жеткізіледі деп сендірді.

Ал бас дәрігердің әрекетіне баға беру үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан комиссия құрылыпты. Комиссия қабылдаған шара қоғамға дер кезінде хабарланатын болады, - дейді басқармадағылар.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Алматы

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Ит

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Уылдырық

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер