USD
USD
USD

Алматы облысында жолды сел шайып кетті

Тау жақта толассыз жауған жаңбыр мен бұршақтың салдарынан сел жүрді.

Алматы облысында жолды сел шайып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, сел тасқыны Саты Сай шатқалынан түсті. Соның салдарынан Кеген ауданындағы Саты ауылына жақын жолдар бұзылды.

"Сел салдарынан 300 метрге жуық жол жабындысы опырылып қалды. Оқиға орнында ескерту белгілері қойылды, жергілікті халыққа SMS-хабарлама таратылды. Зардап шеккендер жоқ", - дейді құтқарушылар.

Саз аралас су ағыны Ұлтарақ орталық көшесінің бойымен өтті. Ал арық жүйесі су ағынын өткізіп үлгере алмады, соның салдарынан көшелерді су басты.

"Қайтыс болғандар, зардап шеккендер мен қирандылар жоқ. Тұрғын үйлерді су баспады. Жолды қалпына келтіру жұмыстары комиссияның тексерісінен кейін басталады", - делінген ресми хабарламада.

Кеше сағат 20.00-де жауын-шашын тоқтап, су деңгейі төмендеді. Оқиға орнына Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті, "Қазселденқорғау" ММ күштері мен құралдары барды.

Қазір оқып жатыр

Министр Сәденов олигарх Рашид Сарсеновтың «крышасы» ма?

.

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким