USD
USD
USD

Алматы облысында жолдар жабылды

Алматы облысында ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар жолдар жабылды.

Алматы облысында жолдар жабылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ мен «Қазақавтожол» ЖШС Алматы облыстық филиалдары мәлімет таратты.

Оған сәйкес 12 ақпан күні сағат 18:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» (84-184 км) және облыстық маңызы бар «Алматы-Өскемен» автожолының «Қапал-Арасан» (0 мен 45 шақырымы) және Қапал ауылына кіреберістегі 16 шақырым жол жабылған.

Бұл жолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынды. Қазір облыста қатты боран соғып тұр, жолдар анық көрінбейді.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан осы бағыттағы сапардан бас тартуға және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Алыс жолға шыққан кезде ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тамыз айында инфляция 10% деңгейінен түсті

Инфляция

Қазақстанда кей лауазымдарға өмір бойына тыйым салудың заңдылығы тексерілмек

Конституциялық сот

Қазақстанда дәрігерге жұмыс үстінде шабуыл жасалса, сақтандыру төлемі берілуі мүмкін

МӘМС

Президент ШЫҰ құрамындағы елдерді қарулану жарысын тежеу мәселесін талқылауға шақырды

Тоқаев