USD
USD
USD

Алматы облысында жолаушылар пойызы адам қағып кетті

Алматы – Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызы белгіленбеген жерден темір жолды кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетті, деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы облысында жолаушылар пойызы адам қағып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жыл басынан бері көліктегі полицейлер темір жолды белгіленбеген жерлерден кесіп өткені үшін 34 019 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Қайғылы оқиға 3 қазанда болған. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

«Аталған факті бойынша Алматы-1 станциясының желілік полиция бөлімі Қазақстан Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігі – «Темір жол көлігін пайдалану немесе жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін бұзудың абайсызда адам өліміне әкелуі» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», – деді полициядағылар.

Жыл басынан бері көліктегі полицейлер темір жолды белгіленбеген жерлерден кесіп өткені үшін 34 019 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити