USD
USD
USD

Алматы облысында жол апатынан 4 бала, екі ересек адам көз жұмды

Кеше кешкі сағат 17.30 шамасында Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жол апатынан 6 адам қаза тауып, 3 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысында жол апатынан 4 бала, екі ересек адам көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алдын ала мәлімет бойынша, 28 жастағы Mercedes жүргізушісі «Алматы - Көкпек - Көктал» тасжолының 69-шақырымында қарсы қозғалыс жолағына шығып, Subaru көлігімен жанамалы соқтығысуға жол берген. Одан әрі басқарудан айырылып, жол жиегіндегі ағашқа соғылған. Оқиға орнында Mercedes көлігінде болған 6 адам қаза тапты, оның 4-уі – кәмелетке толмаған балалар.

Зардап шеккен тағы 3 адам әртүрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды. Айта кету керек, 1992 жылы шыққан Mercedes-те 9 адам болған, оның алтауы – бала. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері істің мән-жайын анықтап жатыр. Факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев