USD
USD
USD

Алматы облысында жоғары лауазымды полицейдің көлігіне оқ атылды

Алматы облысында жоғары лауазымды полицейдің көлігіне оқ атылды, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Алматы облысында жоғары лауазымды полицейдің көлігіне оқ атылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "26 маусым күні сағат 12:20-да Алматы-Өскемен автожолы, "Арқарлы" асуының учаскесі аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзу негізінде жасалған жол дауына байланысты автокөлікте белгісіз біреулер Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Ержан Оразбековтің автокөлігіне қарудан оқ атқаны туралы хабарлама келіп түсті, содан кейін олар қашып кетті", – деп хабарлады полицияда.

Нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы “Бұзақылық” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта жасырынған адамдарды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Үкімет жаңа шарттарды бекітті: енді жәрдемақыны кімдер ала алмайды?

Көпбалалы аналар

LRT құрылысы: Астананың екі көшесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Астана

Вячеслав Ким Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмен атанды

Вячеслав Ким

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов