USD
USD
USD

Алматы облысында жоғалып кеткен шопан табылды

2023 жылғы 12 желтоқсанда сағат 23:30-да Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Жамбыл ауданы, Айдарлы ауылы маңында шопанның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Арыз берушінің айтуы бойынша ол 11 желтоқсан күні сағат 9:00-де мал бағуға шығып кетіп, сол күйі оралмаған.  

Алматы облысында жоғалып кеткен шопан табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері дереу болжамды жоғалу орнына жіберілді. Одан бөлек, іздеу жұмыстарына жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар көмекке келді. Оқиға орнына келген соң 4 іздестіру тобы құрылды, оның ішінде: жедел құтқару жасағы, аудандық ТЖБ/ӨСБ, ЖАО және жергілікті тұрғындар.

13 желтоқсан күні сағат 12:35-те жергілікті тұрғындардан құрылған топ Айдарлы ауылынан 25 шақырым жердегі Қызылерек учаскесінен жоғалған шопанды тапты.

Анықталғандай, адасқан шопан ауа-райының қолайсыздығынан жолдан адасып, қыстауда түнеген. Ауа-райының қолайсыздығынан іздеу жұмыстары 13 сағатқа созылды.

Құтқарылған азамат ауылдық аурухана қызметкерлеріне тапсырылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда жағдайы қалыпты, бір аяғын үсік шалған.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар