USD
USD
USD

Алматы облысында жоғалған бозбала өлі күйінде табылды  

 Алматы облысында жоғалған бозбала өлі күйінде табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Алматы облысында жоғалған бозбала өлі күйінде табылды  
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 11 қыркүйегінде «102» пультіне Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының 45 жастағы тұрғыны Шелек ауылынан үш шақырым жердегі көл жағасынан жас жігіттің жансыз денесін тапқаны туралы суық хабар жеткізді. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы мәйіттің хабар – ошарсыз кеткен 17 жастағы Равиль Абумуслимовқа тиесілі екенін анықтады. Ер адам балық аулау кезінде мәйітті тауып, дереу полицияға хабарлаған.

Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Естеріңізге сала кетейік, Равиль ағымдағы жылдың 30 тамызында Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында жоғалып кеткен болатын. Полицияға баланың туыстары жүгінген. Іздеу жұмыстарын уәкілетті органдар мен еріктілер белсенді түрде жүргізген.

Қазір оқып жатыр

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті

ENRC Ұлыбританияның қаржылық алаяқтыққа қарсы органымен бітімге келді

ENRC