USD
USD
USD

Алматы облысында жылқыны көлігімен басқан ер адам қамауға алынды

Алматы облысының Междуреченск ауылында жол талғамайтын көлікпен жылқыны қасақана басқан ер адам сот шешімі бойынша 10 тәулікке қамауға алынды. Тергеу тараптардың татуласқанына қарамастан, бапты өзгертті, - деп хабарлайды КТК.

Алматы облысында жылқыны көлігімен басқан ер адам қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құқық қорғау органдары мәліметінше, Междуреченск ауылының 38 жастағы тұрғыны ауылдастарымен жанжал кезінде атты басқан. Ер адам өзінің әрекетін бақшасынан 20-ға жуық жайылып жүрген жылқыны шығаруға тырыстым деп түсіндірген.

Жануар аман қалған, бірақ иелері оны жарақаты болғандықтан бауыздауға мәжбүр болған. Кейін полиция өкілі күдікті зардап шеккен жылқының иесіне келтірілген залалды толық өтегендіктен іс тоқтатылағанын айтқан болатын.

Әлеуметтік желіде ер адамның үйіне шабуыл жасалғаны туралы да ақпарат пайда болды. Алматы облысы Полиция департаменті мұндай оқиға, шынымен болғанын растады. Тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмегенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия