USD
USD
USD

Алматы облысында жылқыны қасақана басқан кінәлі жазаға тартылмайды

Полиция мәліметінше, Алматы облысында көлігімен атты басқан жүргізушіге қатысты іс тараптардың татуласуымен аяқталған.

Алматы облысында жылқыны қасақана басқан кінәлі жазаға тартылмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Бұған дейін хабарланғандай, Междуречинск ауылының 38 жастағы тұрғыны ауылдасымен жанжалдасып, Toyota Land Cruiser көлігімен атын қасақана қағып кеткен еді.

Ұсталған құқық бұзушының сөзінше, ол бақшасында жайылып жүрген жиырма шақты жылқыны айдап шықпақ болған.

Полиция Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 316-бабы («Жануарларға қатыгездік жасау») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді.

Енді облыстық полицияның баспасөз қызметі қылмыстық іс тоқтатылғанын мәлімдеді.

"Зардап шеккен ауыл тұрғыны жылқысын басып кеткен жол талғамайтын көлік жүргізушісіне ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, тиісті арызымен аудандық полицияға жүгінген", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу