Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы облысында жер сілкінді

Алматы облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Алматы облысында жер сілкінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "ҚР БҒМ ҒК СЭМЭ" ММ сейсмикалық станциялар желісі 27 қарашада сағат 14.18-де елеулі жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан шығысқа қарай 109 шақырым жердегі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.6. Магнитудасы - 3.5 MPV. Дүмпулер қанша балл болып сезілгені туралы (МЅК-64 шкаласы бойынша) мәлімет жоқ.

"Алматы облысы ТЖ Департаменті ақпаратты алған бетте жергілікті атқарушы органдарға, Полиция департаментіне, Қазселденқорғау департаментіне, прокуратураға және басқа да ұйымдарға хабарлады, аумақтардағы жағдай нақтыланып жатыр, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Қазір оқып жатыр

KEGOC желілері бойынша электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді

жарық

Өзбекстанның да бірқатар облысында жарық өшті

жарық

Жетісудан Батыс Қазақстанға дейін: 13 тамызда партиялар өңірлерде қандай жұмыстар атқарды

Құрылтай сайлауы

Энергетика министрлігі кей өңірде жарықтың сөнуіне не себеп болғанын түсіндірді

Электр жарығы