USD
USD
USD

Алматы облысында жеңіл көлік пойызға соғылды

Алматы облысында жеңіл көлік пойызға соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысында жеңіл көлік пойызға соғылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 1 маусым күні таңғы сағат 6:00 шамасында Алматы облысының Бұрындай – ЖЭО-2 учаскесінде болған.

«Көлік жүргізушісі 35 вагоны бар маневрлік тепловозға жол бермей, өткелге шығып кеткен. Машинист жедел тежегішті басқан. Вагондардың рельстен шығып кетуіне жол берілмеді. Жеңіл автокөліктің жолаушысының қолы сынып, ауруханаға түсті, жүргізуші зардап шеккен жоқ»,- деп хабарлады компаниядан.

Қазіргі уақытта пойыз басқа локомотив арқылы жолдан шығарылды. Темір жол өткелі көлік қозғалысы үшін ашық.

«Кірме жолы ЖЭО-2-ге, тепловоз жеке меншікке тиесілі. Оқиғаның алдын ала себебі - көлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережесін бұзуы»,- деп атап өтті компаниядан.

Қазір оқып жатыр

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев