USD
USD
USD

Алматы облысында зейнеткер өз ұлын пышақтаған

Алматы облысының Талғар ауданы Бесағаш ауылында 74 жасар зейнеткер өзінің 44 жастағы баласын пышақтаған.

Алматы облысында зейнеткер өз ұлын пышақтаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жәбірленуші мен әкесінің арасында келіспеушілік орын алып, салдарынан зейнеткер өзнің ұлына пышақ салғаны анықталды. Науқас қазір дәрігерлердің қатаң бақылауында.

"71 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Бірақ оның жасы мен басқа да мән-жайлардағы өтінішхатты ескере отырып, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деп хабарлады Талғар ауданының полициясы.

Күдікті өзінің ересек ұлын ас үй пышағымен бірнеше рет ұрғанын мойындады. Осындай фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігі "адам өлтіруге оқталу" бойынша жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық