USD
USD
USD

Алматы облысында заңсыз аң аулағандар анықталды

Алматы облысында заңсыз аң аулағандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысында заңсыз аң аулағандар анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Балқаш ауданының аумағында “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында тәртіп сақшылары заңсыз ауланған балық, жабайы үйрек, қоян және қасқалдақ тиелген үш автокөлікті ұстады. Күдіктілерді ұстау Бақанас-Қарой автожолын патрульдеу кезінде жүргізілді.

Құқық қорғау органдары тоқтатқан Mercedes, Nissan және Mazda көлігінің салонынан бір қап түрлі балық, жабайы үйрек, қоян және қасқалдақ табылды. Оларды аулауға және тасымалдауға ұсталғандар қандай да бір рұқсат құжаттарын ұсына алмады.

Сондай-ақ оқ-дәрілері бар 3 аңшы мылтығы тәркіленді. Дерек Балхаш ауданының полиция бөлімінде тіркеліп, ол бойынша ҚР ҚК 337-бабының 1-бөлімінде көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Мемлекетке келтірілген залал үшін айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев