USD
USD
USD

Алматы облысында үшем дүниеге келді

Жақында Қарасай ауданаралық көп бейінді ауруханасында үшем дүниеге келді. 

Алматы облысында үшем дүниеге келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Перзентханада екі ұл мен бір қызды дүниеге әкелген Ақмарал Айдар 29 жасында көп балалы ана атанды. Ақмаралды үйінде тағы үш бала күтуде, үлкен ұлы 8 жаста.

Үшемінің үлкені Қаракөз салмағы 2460 гр, Садық 2100 гр, Сыдық 1820 гр. Қарасай ауданаралық көп бейінді ана мен бала денсаулығын сақтау ауруханасы директорының орынбасары Индира Кабаева әйелдің жүктілік кезінде қатаң бақылауда болғанын айтты.

«Үшемдер жүктіліктің 36-шы аптасында дүниеге келді. Үшемнің жүктілігі әрқашан ана мен сәбилер үшін үлкен қауіп, сондықтан әйел бүкіл уақыт бойы бақылауда болды. Үшем кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. Бүгінгі таңда олардың денсаулығы жақсы, жағдайы тұрақты», - деді Индира Кабаева.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі