USD
USD
USD

Алматы облысында үш күн бұрын жоғалған оқушы табылды

Алматы облысының полицейлері үш күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 10-сынып оқушысын іздеп тапты. 

Алматы облысында үш күн бұрын  жоғалған оқушы  табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облыстық Полиция Департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, маусымның 28-і күні сағат 15:45 шамасында Іле ауданының кезекші бөліміне Көктерек ауылының 42 жастағы тұрғыны шағымданған.

Ол 16 жастағы ұлының 26 маусым күні әкесі екеуінің арасындағы жанжалдан кейін үйден шығып, жоғалып кеткенін жеткізген. Сол уақыттан бері ол ұлынан еш хабар ала алмаған.

«Аталған дерек тіркеліп, полицейлер бірден іздеу жұмыстарына кірісті. Бір тәулік ішінде тәртіп сақшылары іздестіріліп жатқан бозбаланың туыстары арқылы оның көрші кенттегі орналасқан жерін, яғни құрылыста жұмыс істеп жүрген орнын анықтады. Оқушының телефон арқылы анасына хабарлама жібергені белгілі болды. Алайда анасы ол хабарламаны оқымаған. Тәртіп сақшылары тәрбие-түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін, оны ата-анасына тапсырды»,- делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаңадан төселген тротуар опырылып түсті

Опырылған тротуар

«Халықтық құрылыс»: халық игілігіне бағытталған ауқымды жоба

 Жансая Нұралиева

«Қазатомөнеркәсіптің» басқарма құрамынан тағы бір топ-менеджер кетті

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы

Қазақстандық банктер Шахмұрат Мүтәліпке «Алтыналмасты» сатып алу үшін 1 млрд доллардан астам несие беруі мүмкін

Шахмұрат Мүтәліпов