USD
USD
USD

Алматы облысында ұлтаралық қақтығыс болған жоқ – ҚХА

Күні кеше Пенжімде болған қақтығыстың ұлтаралық алауыздыққа қатысы жоқ. Қазір елді мекендегі жағдай тыныш, деп мәлімдеді ҚХА.

Алматы облысында ұлтаралық қақтығыс болған жоқ – ҚХА
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.    Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) ресми өкілі Майя Бекбаева Алматы облысының Пенжім аулында болған жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Ол күні кеше ауыл тұрғындары мектеп аумағында жаппай төбелес болып, оның ауыр салдарға алып келгеніне наразылық білдіру үшін жиналғанын айтты. Ал кейбір жасөспірімдер мен жас азаматтар арандатушылардың ықпалымен кейбір жеке үйлердің терезесіне тас лақтырып, көлік терезелерін де сындырған.

«Ауыл тұрғындары арасында ұлтаралық қақтығыс болмағанын және болмайтынын ерекше атап өткім келеді. Жергілікті тұрғындар – қазақтар да, ұйғырлар да дос әрі көрші, олардың барлығы бейбіт әрі тыныш өмірді қалайды», - деп жазды Майя Бекбаева Facebook-те.

Қазір ауылдағы тәртіпті жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Зәкіржан Көзиев, ҚХА хатшылығы бөлімінің басшысы және облыстық ішкі саясат басқармасының ұлтаралық қарым-қатынас мәселелері жөніндегі жетекшісі М.Батырбеков пен "Қоғамдық келісім" МКК директоры бақылауда ұстап отыр. Олармен бірге ақсақалдар, жігіт-бештер мен азаматтық қоғам өкілдері жұмыс істеп жатыр.

«Қазіргі уақытта Пенжім аулындағы жағдай тыныш», - деді Бекбаева.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.