USD
USD
USD

Алматы облысында төрт қызды қағып кеткен мас жүргізушінің жазасы қатаңдайды

2 наурызда Алматы облысында мас жүргізуші жол шетінде тұрған төрт қызды қағып кеткен. Комаға түскен екінші қыз қайтыс болды. Осы жағдайдан кейін мас жүргізушінің жазасы өзгертілді. Енді ол жетіден 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Алматы облысында төрт қызды қағып кеткен мас жүргізушінің жазасы қатаңдайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомство мәліметіне сүйенсек, бұған дейін іске қатысты ҚР ҚК-ның 345-1-бабы 2-бөлігі ("Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге алып келген іс-әрекет") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Алайда екі қыз қайтыс болғаннан кейін бап қайта өзгертілді.

"Бірінші қыз қайтыс болғанда іс ҚР ҚК-ның 345-1-бабы 3-бөлігі ("Абайсызда адам өліміне алып келген іс-әрекет") бойынша сараланған болатын. Енді зардап шеккен екінші қыз қайтыс болғаннан кейін күдіктіге қатысты іс ҚР ҚК-ның 345-1-бабы 4-бөлігіне ("Абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне алып келген іс-әрекет") өзгертілді. Енді құқық бұзушыға белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы беріледі", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Парламент

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

.

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Өзбекстан азаматы

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Автосақтандыру