USD
USD
USD

Алматы облысында такси жүргізушісі жолаушы қызды соққыға жыққан

Алматы облысында такси жүргізушісі қызды соққыға жықты деген күдікпен ұсталды.

Алматы облысында такси жүргізушісі жолаушы қызды соққыға жыққан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қыздан қазақ тілінде сөйлеуді талап еткен. Жүргізушінің қызды ұрғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Автордың сөзінше, 26 жастағы әпкесі 22 мамыр күні түнде таксимен Алматыдан Өтеген батыр ауылына жетіп алмақ болған. Алайда жолда жүргізушінің жанындағы жолаушымен жанжалдасып қалған. Жолаушы зардап шеккен қызды қазақ тілін білмейді деп айыптаған. 

Жеткен соң қыз жүргізушіден 500 теңгеден қалғанын қайтарып беруді талап еткен. Алайда жүргізуші түсінбейтін түр танытып, қыздан қазақ тілінде сөйлеуді сұраған. Нәтижесінде жүргізуші қызды көліктен күшпен шығарып, ұрып тастаған. Жүргізушіге қыздың қолын сындыруға жанында отырған жолаушы да көмектескен. Тек кездейсоқ куәгер полиция шақыратынын айтқан соң ғана тоқтаған дейді.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, зардап шеккен қыздан арыз түскен. 

«Жолаушыға қол көтерген Іле ауданының 21 жастағы тұрғыны анықталды. Тиісті сараптама тағайындалып, Қылмыстық кодекстің 389-бабы (Өзінше билік ету) бойынша тергеу жүріп жатыр», – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев