USD
USD
USD

Алматы облысында такси жүргізушісі ер адамды бұрағыш сұғып өлтірген

Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінен ер адамның денесі табылды. Полицейлер күдіктіні ұстады.

Алматы облысында такси жүргізушісі ер адамды бұрағыш сұғып өлтірген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұсталған күдіктінің айтуынша, жәбірленушімен арада жанжал шыққан. Кейін ол бұрағышты алып, марқұмның кеуде тұсынан әдейі ұрған. Ол сол жерде қайтыс болған.

"Шлагбаумнан "Қарлығаш" ТК кіреберісінде, Жазира көшесінде зорлық-зомбылық белгілері бар, азиялық типтегі, 40-45 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнына жеткен Қарасай ауданының полиция қызметкерлері жәбірленушінің жеке басын анықтады. Ал күдікті Полиция басқармасына жеткізілді", - деді Қарасай аудандық ПБ қызметкері.

Қазір оқып жатыр

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев