USD
USD
USD

Алматы облысында су бөгеті жарылды

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысындағы Книжевское су қоймасындағы бөгеттің жарылғанын мәлімдеді.

Алматы облысында су бөгеті жарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтуынша, бөгет корпусы 21 қараша күні сағат 23.13 шамасында Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылының маңында жарылған. Бөгеттегі ойықтың ені 5-6 метр, шамамен секундына 30 текше метр су ағып жатыр. 

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, су тұрғын үйлерге жетпеді. 

Бөгеттен аққан су Мыңбаев – Қасымбек аудандық маңызы бар автожолды шайып өтті. Қазіргі таңда тас жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жағдай біртіндеп тұрақталуда.

«Ағынды су көлемі азайып келеді. Қазіргі уақытта елді мекендерді су басу қаупі жоқ», – делінген хабарламада.

Оқиға орнында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы бастаған ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және басқа да мүдделі органдардың қызметкерлері бар. Қазірде оқиғаның салдарын жою штабы құрылды.

Книжевское су қоймасының көлемі 4,47 млн ​​текше метрді құрайды, қазіргі уақытта ол 50% толған. Жарылғаннан кейін су Қарғалы өзенінің арнасына құйылып, одан әрі Іле ауданындағы Куртинское су қоймасына құяды. 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе