USD
USD
USD

Алматы облысында сирек кездесетін сібір тау ешкісі фототұзаққа түсіп қалды

 Алматы облысындағы «Алтынемел» ұлттық паркінде сібір тау ешкісі фототұзаққа түсіп қалды. 

Алматы облысында сирек кездесетін сібір тау ешкісі фототұзаққа түсіп қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның видеосы «Алтынемел» табиғи паркінің Instagram -дағы парақшасында жарияланды. Сібір тау ешкісі ежелден ұлттық парктің Шолақ, Дегерес және Матай тауларын мекендейді. 2021 жылы оның саны 2800 бастан асты. «Фототұзаққа текесі түсіп қалды.

Видеодан оның семсер тәрізді 1 метрдей мүйізін көруге болады» делінген әлеуметтік желідегі парақшада. Бұған дейін Қазақстанның Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа түсіп қалған болатын. Сонымен қатар қар барысының ұрғашысы және оның бір жасар аланы «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркінің бейнетұзағына ілінген еді.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция