USD
USD
USD

Алматы облысында шектеу шаралары күшейді

Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері карантин режимі мен кейбір шектеу шараларын күшейту туралы жаңа қаулы шығарды.

Алматы облысында шектеу шаралары күшейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаңа қаулыға сәйкес, мына нысандардың қызметі тоқтайды:

– Залдарда толымдық 50 пайыздан жоғары, соның ішінде 50 орыннан жоғары қоғамдық тамақтану нысандары (мейрамхана, кафе, дәмхана, банкет залдары, фудкорт, асхана, донер, барлар);

– 25 адамнан жоғары емес кезекші топтарды қоспағанда, барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдар;

– балаларды сауықтыру лагерлері;

– балалардың ойын-сауық орталықтары;

– ойын-сауық нысандары, оның ішінде түнгі клубтар, кальян, көрмелер, букмекерлік кеңселер, караоке, боулинг-орталықтар, лото-клубтар, PS-клубтар, компьютерлік клубтар, цирк, бильярд залдары;

Сонымен қатар 20-24 наурыз аралығында сауда үйлері, сауда және ойын-сауық орталықтары, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, ашық азық-түлік емес базарлар, қоғамдық тамақтану нысандары (мейрамхана, кафе, дәмхана, банкет залдары, фудкорт, асхана, донер, барлар), кинотеатрлар мен театрлар қызметіне тыйым салынады.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті