USD
USD
USD

Алматы облысында шаруа қожалық иесі малшысын аяусыз соққыға жықты (видео)

Алматы облысының Ақсу ауданында қоластындағы жұмысшыны аяусыз соққыға жықты деген күдікпен 43 жастағы азамат ұсталды.

Алматы облысында шаруа қожалық иесі малшысын аяусыз соққыға жықты (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған оқиға Ақсу ауданында тіркелген. 2 мамыр күні 44 жастағы азамат ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Белгілі болғандай, ол Матай станциясына жақын маңдағы шаруа қожалықтарының бірінде малшы болып жұмыс істеген. Полиция мәліметінше, ол кейін қожайынмен сөзге келіп, ауыр дене жарақаттарын алады. Малшы отбасымен бірге шаруа қожалығында тұрып, қой баққан.

Ал Талдықорғаннан қожайыны келген соң екеуара жанжал болып, арты төбелеске ұласады. Сол кезде малшы кәмелетке толмаған екі баласы мен әйелін алып, қожалықтан кетіп қалған. Полицейлердің мәліметінше, шаруа қожалығының иесі бұл шешімге қанағаттанбай, малшыны көлігімен қуып барып, далада аяусыз соққыға жығады.

43 жастағы қожалық иесі "Лексус-470" көлігімен малшыны аңдып, кейін ағашпен төпелей бастаған. Дәрігерлер жәбірленушінің тоғыз қабырғасы мен жауырыны сынғанын және көп мөлшерде қан жоғалтқанын айтып отыр. Қазіргі таңда 44 жастағы ер адам облыстық аурухана дәрігерлерінің қатаң бақылауында. "Күдікті қамауға алынды. Ұсталғаннан кейін оның жеңіл түрде алкоголь пайдаланғаны белгілі болды.

Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабына сәйкес денсаулыққа қасақана зиян келтіргені үшін іс қозғалады", - деп хабарлады Ақсу аудандық полиция бөлімшесі. Қазір күдіктінің көлігі арнайы тұраққа қойылып, сараптама тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич