Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы облысында республикалық маңызы бар тасжол жабылды

Алматы облысында қатты бұрқасын салдарынан республикалық маңызы бар Үшарал-Достық тасжолы жабылды. 

Алматы облысында республикалық маңызы бар тасжол жабылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Төтенше жағдайлар министрлігі мен "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ басқа да тасжолдарға қатысты мәлімет берді. 

28 желтоқсанда сағат 11.00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар Үшарал-Достық автожолында барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс жабылды.

"ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ және "ҚазАвтоЖол" ЖШС хабарлауынша, сағат 11.00-ден бастап жел, бұрқасын, боран мен көрудің нашарлауына байланысты Үшарал - Достық" тасжолында 84-184 шақырым аралығында барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс жабылды", - делінген ТЖМ сайтында. 

Құтқарушылардан осы бағыт бойынша жүрмеуді, 112 қызметінің хабарламаларын ескеруді және алыс сапарға шығар алдында ауа райын қарап шығуды сұрайды. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі бүгінде бұл қозғалысы шектеулі жалғыз тасжол екенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф