USD
USD
USD

Алматы облысында перзентхана ашылды

Алматы облысы, Жамбыл ауданында жаңа перзентхана ашылды.

Алматы облысында перзентхана ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облысы Жамбыл ауданында былтыр 4 мың 600 сәби дүние есігін ашқан. Биыл туу көрсеткіші бес мыңға жуықтады. Осы ретте перзентхана тапшылығы байқалатын. Жыл соңында бұл олқылықтың орны толды. Ұзынағаш ауылында жаңа перзентхана ашылды. Ал Қасымбек ауылында білім ордасы пайдалануға берілді. Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағашта жаңа перзентхананың ашылуы елеулі оқиға. Өйткені, бұған дейін  200 мыңға жуық халқы бар ауданда 55 орындық бір ғана перинаталдық орталық жұмыс істеген.

Перзентхананың салтанатты ашылу рәсіміне Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысты. Былтыр Жамбыл ауданында 4600 сәби дүние есігін ашса, биыл туу көрсеткіші 5 мыңға жуықтады. Перзентхана соңғы медициналық құралдармен жабдықталған. Мұнда фитотерапия аппараты, өкпені оттегімен қамтамасыз ететін қондырғы, шала туған балалардың жетілуіне жәрдемдесетін камералар бар. Дәліздеріне оттегі жеткізетін мыс құбырлар тартылған. Ғимарат іші  антибактериалды тазартқыштармен жабдықталған климаттық және желдеткіш құралдарға қосылған. «Осының барлығы ана мен сәбиге сапалы медициналық қызмет көрсету үшін жасалған» дейді дәрігерлер.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

Сел

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер

Лауазымды адамдар «Семей орманында» ағашты заңсыз кесу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Ағаш тиеген жүк көлігі

Александр Лукашенко қазақтар мен белорустарды «қан байланыстырған жақын халықтар» деп атады

Олжас Бектенов, Александр Лукашенко