USD
USD
USD

Алматы облысында мұғалімдер мәжбүрлі түрде өтуді талап етілген ақылы курстарға шағымданды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының бірнеше мұғалімі ағылшын тілінен мәжбүрлі түрде өтуге талап етілген ақылы курстаға шағымданды.

Алматы облысында мұғалімдер мәжбүрлі түрде өтуді талап етілген ақылы курстарға шағымданды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Желіде аталған мәлімет туралы аудиожазба таралды. Аудиода әйел мұғалімдерден тіркеліп, оқу болатын жерге қолма-қол ақша төлеуді сұрайды. Сонымен қатар, ол тізім бойынша әрқайсысын тексеретінін ескертеді.

Ол сондай-ақ ақылы оқуға 215 оқытушыдан 124 оқытушы тіркелгенін хабарлайды.

«Банк карталары мен басқа төлем жоқ, ақшаны өзіңізбен бірге алып келіңіздер. Қатыспағандар маған директорларының қолы қойылған түсініктеме алып келсін», – дейді әйел.

Алматы облысының білім басқармасы оқиғаға жедел жауап берді. Ведомствоның мәліметінше, ауданның оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері жазаланды.

«1-4 маусым аралығында Еңбекшіқазақ ауданы аумағында екі күндік ақылы ағылшын тілі курстары өткізілді. Біз ақылы курстар мен семинарларды өткізуге қатаң тыйым саламыз. Ауданның оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері жазаға тартылып, ескерту алды», – деп хабарлады ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы