USD
USD
USD

Алматы облысында мотоциклмен тауға шығып, жоғалып кеткен ер адам табылды

2023 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 19:47-ден бастап Алматы облысы Жамбыл ауданы Фабричный ауылының таулы жерінде құтқарушылар күшімен 1989 жылы туған жас жігітті іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Алматы облысында мотоциклмен тауға шығып, жоғалып кеткен ер адам табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Белгілі болғандай, ол 2023 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 11-де мотоциклмен тауға шығып, қайта оралмаған. Сағат 16:30-да ол досына бейежазба және геолокация жіберіп, тауларда қалың тұман бар екенін және қайтып оралу мүмкін еместігін хабарлаған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын ТЖ департаменті, республикалық жедел-құтқару жасағы қызметкерлері және жоғалған адамның достары жүргізді. Шатқалдың ішінде шамамен төрт шақырымдай жүріп, жоғалған туриске қарай көтеріліп, сағат 21:33-те оны көлікке аман-есен жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖ департаментінің 4 қызметкері мен техникасы, кинологиялық есеппен 4 құтқарушы және республикалық жедел-құтқару жасағының техникасы, жоғалған азаматтың 3 досы қатысты. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс