USD
USD
USD

Алматы облысында металл бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды

Алматы облысында металл бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысында металл бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  8 қазанда Қарасай ауданы ПБ кезекші бөліміне Алматы қаласының 49 жастағы тұрғыны Іргелі ауылдық округінің бау-бақша қоғамынан әрқайсысының диаметрі 100 мм болатын үш бөліктен тұратын тоғыз метр металл құбырды, бұрыштарды және жалпы сомасы 150 000 теңгеге кіші диаметрлі басқа құбырдың ұрланғаны туралы өтініш түскен. Аталған факті ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қарасай АІІБ ЖПҚ учаскелік инспекторы Нұрлан Нәбиев куәгерлерді тауып, ұрының 15 000 теңгеге металл сынықтарына құбырларды тапсырған жерін анықтады.

Ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған 34 жастағы жергілікті тұрғын алынған дәлелдерді ұсынғаннан кейін ұрлықты мойындады және салынып жатқан үйлердің бірінен құбырлар мен басқа металды көріп, оларды ұрлауға шешім қабылдағанын түсіндірді. Ол үшін көлікті жалдап, ұрланған затты өзінікі деп, металл сынықтарын қабылдау орнына тапсырған. Ұрланған зат тәркіленіп, полицейлерге алғыс білдірген заңды иесіне қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Қазір оқып жатыр

АИТВ-ның алдын алуға арналған препарат 120 елде жылдық курсы небәрі 40 долларға қолжетімді болады

Дәрігер мен науқас

Ақмола облысында шенеунік жол жөндеуге бөлінген 78 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

сыйақы

«Қамтамасыз етуде мәселе жоқ»: «СК-Фармация» басшысы Әбеновтің мәлімдемесіне жауап берді

сапасы

Алматыда «Ұмай» ипотекасы дүрбелең туғызды: Отбасы банк себебін түсіндірді

кезекте тұрған әйелдер