USD
USD
USD

Алматы облысында мерекелік шара кезінде әкімдік қызметкері қайтыс болды

30 маусымда Еңбекшіқазақ ауданында жыл сайынғы дәстүрлі Agro-Business Forum Assy-2023 форумы өтті, деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы облысында мерекелік шара кезінде әкімдік қызметкері қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Іс-шара аяқталғаннан кейін форумға қатысушылардың бірі өзін нашар сезінген. Тауда кезекшілікте болған фельдшерлер оған шұғыл медициналық көмек көрсеткен, алайда ер адам есіне келместен қайтыс болған.

Алматы облысының әкімдігі марқұм Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып жұмыс істегенін хабарлады. Сол күні ол мерекелік шараға демалушы ретінде барған.

Асы үстірті – теңіз деңгейінен 2800 метрден астам биіктікте орналасқан жайлау.

Әкімдік осы жайт қызметкердің халінің нашарлауына себеп болуы мүмкін деп болжап отыр.

"Әріптестің қазасы – ұжым үшін орны толмас қайғы. Марқұмның отбасына материалдық көмек көрсетіледі, – деді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Ұлттық қор активін 100 млрд долларға жеткізу мерзімі кешеуілдеуі мүмкін

Тиындар

eGov-та шұғыл ауруханаға түскенде жақындарыңды хабардар ететін қызмет іске қосылды

eGov

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен оқушы ұсталды

Кісен

Дания Еспаева: 2027 жылғы бюджетте қауіпсіздік қоры жоқ

Дания Еспаева