USD
USD
USD

Алматы облысында мектеп оқушысын атып кеткендер қолға түсті

Алматы облысында 17 жастағы жігітті атып кеткен күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды

Алматы облысында мектеп оқушысын атып кеткендер қолға түсті
Фото: NEGE.kz

Ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасы.

Алматы, NEGE. 5 тамызда Еңбекшіқазақ ауданындағы Бәйдібек Би ауылында түнде оқушылар арасында төбелес болды. Сол кезде мылтықтан оқ атылды. Бір үйдің ауласында 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды. Денесінде оқ жарақаты болды.

"Ол мылтық ұсталғандардың бірінің әкесіне тиесілі. Қазіргі уақытта 9 күдікті уақытша қамау изоляторына тоғытылды", - дейді полицейлер.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы 9-тармағының 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Бұдан бөлек, Қылмыстық кодекстің 293 – бабы (Бұзақылық) бойынша жауапқа тартылғандар бар. Айта кетері, адам өлтіру бабы бйоынша он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан ТүркПА-ға үлгілік Цифрлық кодексті қабылдауды ұсынды

Құрылтай

«ҚазМұнайГаз» «Өзенмұнайгаз» басшыларының ұсталғанын жоққа шығарды

Өзенмұнайгаз

Диас Кенжебек пара жүзуден Азия рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды

Диас Кенжебек

«Экспресс Займ» қаржы ұйымы 43 мың адамды алдаған: директордың орынбасары үйқамаққа алынды

Күдіктілер