USD
USD
USD

Алматы облысында мектеп директоры асылып өлді

Алматы облысы Ават ауылында 46 жастағы мектеп директорының асылып тұрған денесі қорадан табылды.

Алматы облысында мектеп директоры асылып өлді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды. Жазбаға сәйкес, көз жұмған Азизжан Дараев 2011 жылдан бері Г.Садвакасов атындағы мектепте жұмыс істеген. Оның артында үш баласы қалды. Ауыл тұрғындары мектеп директорының парасатты адам болғанын айтады. Сөздерінше, оның өлім себептерін жіті тексеру керек. 

“Қол астындағы қызметкері мен білім ошағының басшысының арасында жанжал болған. Мектепте құйтырқы әрекеттерге барған үшін педагог жұмыстан шығарылған. Десек те, әлгі қызметкер сот арқылы қайта оралып, директорға қоқан-лоқы көрсеткен. Соттың барлық инстанциялары арқылы шағым түсірген”, – делінген жазбада. 

Оқиға бойынша облыстық ПД өкілдері пікір білдірді. Қазіргі таңда мектеп директорының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып тергеу амалдары жүргізілуде. Марқұмның мұндай әрекетке не себепті барғаны анықталуда. 

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

.

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Ердоған, Тоқаев

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

ауа сапасы

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

.