USD
USD
USD

Алматы облысында мас жүргізуші қаққан екі оқушы әлі есін жимады

Алматы облысында мас жүргізуші қаққан екі оқушы әлі ес-түзсіз жатыр. Үшінші қыздың аяғына ота жасалды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Алматы облысында мас жүргізуші қаққан екі оқушы әлі есін жимады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков балалардың жағдайын арнайы барып, біліп қайтты. Қазіргі таңда 2012 жылғы екі оқушы әлі ес-түзсіз жатыр.

«Екі науқастың жағдайы өте ауыр. Ес-түзсіз жатыр. Шелек аудандық ауруханасында ем қабылдауда. Күнделікті Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасынан дәрігерлер келіп, балалардың денсаулығын қарап, қадағалап отыр», - деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.

Ведомство өкілінің мәліметінше, 2011 жылғы үшінші қыз баланың аяғына ота жасалған. Оның жағдайы орташа ауыр. Дәрігерлер 9 жастағы баланы Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырған.

Естеріңізге сала кетейік, 2 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданында мас жүргізуші сабақтан қайтып келе жатқан 4 оқушы қызды көлігімен қағып кетті. Оның үшеуі ауруханаға жатқызылды. Балалар 8-9 жаста. Айта кетерлігі, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мас жүргізушіге қатысты тергеуді өз бақылауына алды.

Қазір оқып жатыр

Трамп Ормуз бұғазындағы кемелерді босату операциясы басталғанын мәлімдеді

АҚШ

Алматы әуежайын су басты

.

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

.

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

.