USD
USD
USD

Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушы қызды қағып кетті

Алматы облысында мас көлік жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті. Әртүрлі дене жарақаттарын алған үш бала ауруханаға жатқызылды.

Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушы қызды қағып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Оқиға 2 наурызда сағат 18:40-та Еңбекшіқазақ ауданында болған. «Уаз» автокөлігі Арзиев көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, жол жиегінде тұрған екі 8 жастағы және екі 9 жастағы қыздарды қағып кетті. Алматы облысының Полиция департаменті көлікті басқарған Еңбекшіқазақ ауданы Корам ауылының 54 жастағы тұрғынын ұстады. Ол көлікті мас күйінде жүргізген», - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жарақат алған үш бала Шелек аудандық ауруханасына жатқызылды. Жүргізуші медициналық айықтыру пунктіне орналастырылды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына сәйкес ҚР ҚК 345-1 бабы, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған