USD
USD
USD

Алматы облысында құрылысшының аяғы бетон араластырғышта қысылып қалды

Алматы облысында құрылысшының бетон араластырғышта аяғы қысылып қалды, - деп хабарлайды ТЖМ.

Алматы облысында құрылысшының аяғы бетон араластырғышта қысылып қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 35 жастағы жұмысшы құмды тиеп жатқанда сүрініп, салдарынан оң аяғы бетон араластырғышта қысылып қалған.

Республикалық жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушыдан құрылған жедел тобы мен Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағының 4 құтқарушысы дереу оқиға орнына барды.

Оқыс оқиға Іле ауданындағы Гейт Сити ықшам ауданында болған. Құтқарушылар болгарканың көмегімен зардап шеккен ер адамның қысылып қалған аяғын шығарды, оның аяғы сынып кеткен екен.

Шок алған ер адамды жедел жәрдем бригадасы бірден ауруханаға алып кетті.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе