USD
USD
USD

Алматы облысында коменданттық сағат уақыты өзгерді

  Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев халыққа үндеу жасап, өңірдегі коменданттық сағат уақыты өзгеретінін мәлім етті. 

Алматы облысында коменданттық сағат уақыты өзгерді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазір облыстағы жағдай тұрақты, соған байланысты 12 қаңтардан бастап коменданттық сағаттың уақыты өзгерді. Яғни, азаматтардың жүруіне қойылған шектеу сағат 20:00-ден емес, 23:00-ден бастап таңғы 07:00-ге дейін болады. Барлық тұрғындардан жеке кәуіліктерін алып жүруді және ТЖ талаптарын қатаң сақтауларыңызды сұраймын»,-деді Серік Күдебаев. Оның айтуынша, жаппай тәртіпсіздік кезінде өңірдегі дүкендер тоналып, әкімшілік ғимараттары бүлінген. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызметтік борышын атқарып жүрген полицейлер мен Ұлттық гвардияның әскери қызметкерлері қаза тапты. Жағдайды тұрақтандыру мақсатында блок-бекеттер қойылды.

Онда полиция мен әскерилер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. 35 автопатруль қала тыныштығын тәулігіне үздіксіз бақылауда, оған қоса 20 жасақ патрулі күндіз күзетеді. Сонымен қатар, ол тәртіпсіздік пен дүние-мүлікті тонау қылмысына қатысы бар деген күдікпен 700-ден астам адам ұсталғанын айтты. 65 қылмыстық іс қозғалып, 62 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Арнайы операция барысында қылмыскерлерден 100-ге жуық атыс қаруы алынды. Сондай-ақ ол халыққа үндеу жасап, бұзақылық пен мародерлік іске қатысы бар адамдар жайлы мәлімет бар болса полицияға хабарлауды сұрады. 

Қазір оқып жатыр

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей