USD
USD
USD

Алматы облысында көлік соқтығысынан бір адам көз жұмды

Алматы облысында «Алматы - Көкпек - Көктал» тасжолында екі көлік бетпе-бет соғысып, бір адам көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға түсті.

Алматы облысында көлік соқтығысынан бір адам көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған көлік апатына байланысты Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

«Оқиға бүгін 06:40 шамасында «Алматы- Көкпек-Көктал» тасжолының 65-ші шақырымында болған. Анықталғандай, «Мitsubishi galant» машинасының жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Ол 41 жастағы азамат жүргізіп келе жатқан «Мercedes benz sprinter» машинасына бетпе-бет соғылған. Салдарынан қарсы бағытқа шығып кеткен көліктің 26 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ оның 45 жастағы жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті» делінген аталған ведомствоның ресми хабарламасында.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық өндіріс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

БҚО-да тазалық талаптарын бұзғандарға қатысты 7 мыңға жуық әкімшілік іс тіркелді

БҚО "Таза Қазақстан"

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов