USD
USD
USD

Алматы облысында көлік қағып кеткен оқушылардың жағдайы белгілі болды

 Қорам ауылында көлік қағып кеткен 4 оқушының біреуіне бүгін операция жасалды. 

Алматы облысында көлік қағып кеткен оқушылардың жағдайы белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дәрігерлер оның оң аяғына арнайы аппарат қойып, сынған сүйегін бекіткен. Ота сәтті өтіп, науқас жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Қазір ол анасымен бірге жатыр деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. Қалған қыздардың біреуі медициналық тексерістен кейін үйіне қайтарылса, екеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Жансеңгіров: "2012 жылғы оқушының бас сүйегі және ішкі ағзасы жарақаттанған. Екінші баланың миы зақымданғаны анықталды. Комада. Үшінші қыз Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасында емделіп жатыр. Жол-көлік оқиғасы наурыздың екісі күні Еңбекшіқазақ ауданында болды. УАЗ автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде жасөспірімдерді қағып кеткен болатын", – деді. 

Қазір оқып жатыр

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер

Тәлімгерлікке ден қойып, оқушылармен тікелей жұмыс істеуі үшін ұстаздардың уақыты болуға тиіс – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев