USD
USD
USD

Алматы облысында көлік қағып кеткен бес оқушының біреуі көз жұмды

Алматы облысында "Lexus" маркалы көлік қағып кеткен оқушылардың біреуі көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы облысында көлік қағып кеткен бес оқушының біреуі көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Өкінішке қарай, дәрігерлердің көрсеткен медициналық көмегіне қарамастан 10 жасар ұл бала алған жарақатының салдарынан көз жұмды", – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Оқушылардың үшеуі травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр, жағдайы орташа ауыр. Төртінші бала ауыр жарақат алмағандықтан ауруханаға жатқызылмаған.

Көлік жүргізушісі ұсталып, қамауға алынды. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Айта кетейік, 25 қазан күні балалар жолды жаяу жүргіншілерге арналмаған жерден кесіп өтпек болған. Lexus көлігі жолдан өтіп бара жатқан 5 баланы қағып кеткен еді.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.