USD
USD
USD

Алматы облысында қызымен ренжісіп қалған жігіт үлкен айналма автожолдың көпірінен секірмек болды

Оқиға сағат 12:30 шамасында Талғар ауданы, Қызылқайрат ауылының маңындағы автожолда болған. 1990 жылы туған ер адам тас жолдағы көпірден секіруге бел буған. Оқиға орнына дереу Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен техникасы жөнелтілді, деп хабарлады zakon.kz.

Алматы облысында қызымен ренжісіп қалған жігіт үлкен айналма автожолдың көпірінен секірмек болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Құтқарушылар сағат 12:45-те оқиға орнына жеткенде ол жерде полиция қызметкерлері ер адамды сөзге тартып тұр екен. Келіссөздер оң нәтиже беріп, ер адам көпірдің тіреуішінен бері қарай өтті. Оған еш қауіп төнген жоқ", – деп хабарлады Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам қызымен ұрсысып қалғандықтан көпірден секірмек болған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты