Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы облысында келінін қорғамақ болған қария туған ұлын өлтіріп алған

Алматы облысында зейнеткер келініне араша түсемін деп туған ұлын өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланды.

Алматы облысында келінін қорғамақ болған қария туған ұлын өлтіріп алған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облысының полицейлері 69 жастағы зейнеткерді қамауға алды. Ол өзінің туған ұлын өлтірді деген күдікке ілінген. Қанды оқиға 7 мамыр күні Қаратал ауданындағы Дойыншы ауылында тіркелген. 42 жастағы ер адам ауыр пышақ жарақатынан көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, келіні мен ұлының арасындағы ұрыс кезінде зейнеткер келініне араша түсіп, баласына пышақ жұмсаған.

"Қария кінәсін мойындады. Ол ұлының үйіне отбасылық мәселелерді талқылауға келген. Сол сәтте баласы мен келінінің жанжалына куә болады. Ұрыс кезінде келінін қорғаған әкесіне ұлы жұдырық ала жүгірген. Ал бұл өз кезегінде пышақ жұмсайды", - дейді Қаратал аудандық полиция департаментінің басшысы Рауан Әбдірайымов.

Тәртіп сақшылары қарияны кіші ұлының үйінен тапты. Бүгінде аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Қазір оқып жатыр

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф