USD
USD
USD

Алматы облысында қаза болған отбасы: Туыстары не дейді?

  Талдықорғанда қызымен бірге қаза болған ерлі-зайыптының туыстары трагедияның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.

Алматы облысында қаза болған отбасы: Туыстары не дейді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Талдықорғанда ерлі-зайыпты және олардың 15 жастағы қызы қаза болды: отбасы отырған көлікке оқ жаудырған

Қаза тапқан 51 жастағы әйелдің немере інісі Дастанның айтуынша, қайғылы оқиға 8 қаңтарда "Қаратал" шағын ауданында болған. Отбасы достарына қонаққа барып, үйіне көлікпен қайтып келе жатқан.

«Олар кешкі сағат 9-да қайтып келе жатқан. Отбасы сол «Қаратал» шағын ауданындағы жеке секторда тұратын. Жол 3-4 минут уақытты алады», –  дейді Дастан.

Оның айтуынша, көлік ішіндегілер артқы жақтан атылған оқтан ажал құшқан.  «Бұл қарапайым бейбіт адамдар еді. Жездем қаладағы зауыттардың бірінде жұмыс істеді, ал әпкем – үй шаруасындағы әйел. Олардың қаза болған кәмелетке толмаған қызы мектепте оқитын. Туыстарымыз телефон қоңырауына жауап бермегендіктен біз оларды іздестірдік», –  дейді қаза болғандардың туыстары.

Отбасын өлтіру фактісін ішкі істер министрлігі әскери тергеу басқармасының қызметкерлері тергеп жатыр.  

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан