USD
USD
USD

Алматы облысында карантин күшейтіледі

Бүгіннен бастап Алматы облысында бірқатар карантиндік шектеулер енгізіледі.

Алматы облысында карантин күшейтіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әзірленіп жатқан жаңа қаулыға сәйкес жексенбі күні тамақтану орындары, сауда үйлері, кинотеатрлар жабылады. Мекемелер жаппай залалсыздандырылып, ұжым қызметкерлерінің 70 проценті қашықтан жұмыс істейтін болады. Сақтық шараларын күшейтуге аймақтағы эпидахуалдың күрделенуі себеп болған. Әсіресе өңірдегі Жамбыл, Іле, Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандары мен Талдықорғанда індет өршіп тұр. Қазір күніне 100-ден астам адамнан ковид белгілері анықталып отыр. Сырқаттанғандардың қатарында мектеп жасындағы балалар бар. Соған байланысты оқушылардың біразы қайтадан онлайн оқыту жүйесіне көшірілуі мүмкін. 

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары Асхат Шарапиев: "Әзірге енді біз бір мен бесінші сынып балаларын кезекші сыныптарын ғана қалдырамыз. Қалғандары онлайн режимінде оқиды. Ал енді мектеп бітірейін деп отырған балалар бар, олар оқи береді. Және бірінші курстың студенттері оқи береді" деді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер