USD
USD
USD

Алматы облысында карантин күшейтіледі

Қыркүйек айында Алматы облысының 74 тұрғынынан короновирус белгілері анықталса, қазан айында бұл көрсеткіш 138-ге жеткен.

Алматы облысында карантин күшейтіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Науқастанғандардың дені Талдықорған, Текелі қалалары мен Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандарында тіркеліп отыр. Сырқаттанғандар санының артуына байланысты өңірде карантиндік шектеулер енгізілмек. Ертеңнен бастап аймақта кинотеатрлар, караоке мен түнгі клубтар, көңіл көтеру орындары, атракциондар мен бассейндер қызметін тоқтатады. Көлік жуатын және жөндейтін нысандар кешкі алтыға дейін ғана жұмыс істейді. Жаттығу залдары, ойын сауық орталықтары 30 проценттік, моншалар 50 проценттік толтырылым негізінде қызмет көрсетеді. Мейрамханалар мен кафелер түнгі онда жабылатын болады. Ал сенбі, жексенбі күндері 2 мың шаршы метрден асатын киім-кешек сататын дүкендер мен тамақтану орындары мүлдем ашылмайды. 

"Сенбі, жексенбі күндері тамақтану орындары 100 пайыз жабылады. Неге десеңіз, осы кезде той-томалақ өтеді. Біз адамдардың топтасуын тоқтата алмай отырмыз. Сондықтан осындай шектеу енгіздік", - дейді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін  бақылау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Әсел Шәрімова

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Temu

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

жетісу

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған

мас күйде көлік жүргізу