Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы облысында карантин күшейді

Алматы облысында карантин шараларын күшейтетін жаңа қаулы қабылданды.

Алматы облысында карантин күшейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Себебі өңірде соңғы жеті күнде індет жұқтырғандар саны 100 мың тұрғынға шаққанда 16,2-ге жеткен. Қаулыға сәйкес сыйымдылығы елу және одан да көп қоғамдық тамақтану орындары жұмысын тоқтатады. Той-томалақ, банкет, еске алу жиындарын ұйымдастыруға тыйым салынды. Барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдар, ойын-сауық орындары да жағдай тұрақтағанша жұмыс істемейді. Сондай-ақ туристік нысандар, табиғи парктер, демалыс орындары, тау-шаңғы базалары мен мұз айдындары 80 пайыздан аспайтын толымдылықпен адам қабылдауға рұқсат беріліп отыр. Мониторинг топтарына тексеру, қадағалау жұмыстарын үдету тапсырылды.

Қазір оқып жатыр

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.