USD
USD
USD

Алматы облысында карантин ережелері күшейтіле ме?

Алматы облысы әкімдігінің өкілдері облыстың бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтың карантин режимін күшейту туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. 

Алматы облысында карантин ережелері күшейтіле ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  "Эпидемия басталысымен Алматы облысында 422 адамнан коронавирус анықталды, бір аптада науқастарың өсімі 4,5 пайыз болды. Карантин күшейтілгенге дейін бұл көрсеткіш 2,5 пайыздан аспаған. Оған себеп - облыс тұрғындары мен бизнес өкілдері негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтамайды, адам көп баратын жерлерде жиналып, қашық сақтамай, маска тақпайды. Облыс бойынша карантин ережесін бұзған 3690 нысан тексеріліп, 720 заңбұзушылық анықталды.

Карантин ережесі жеңілдетілген соң тұрғындардың бір-бірімен көп араласып кетті. Осыған байланысты Алматы облысының ведомствоаралық комиссиясы қажет шараларды қарастырып жатыр. Бұл көрсеткіш әрі қарай да өсе берсе, одан да қатаң шараларды қабылдаймыз. Мысалы, бүгін фонтандар жұмыс істеген жоқ, автобус маршруты да қысқартылды", - Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Ғалымұрат Жүкел.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 12694-ке жетті. 

Қазір оқып жатыр

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді

СІМ Солтүстік Кипрде пышақталған қызға қатысты тың дерек ұсынды

азаматтық

Қазақстанда жалған диплом дайындаумен айналысқан 20 сайт анықталды

Диплом