USD
USD
USD

Алматы облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

Алматы облысында қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғау органдарының қару-жарақ қоймаларынан ұрланған тапаншалар табылып, тәркіледі.

Алматы облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "26 мамыр күні Алматы облысы прокуратурасының бастамасымен жүргізілген арнайы операцияның нәтижесі бойынша полиция департаменті қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғау органдарының қару-жарақ қоймаларынан ұрланған 18 патроны бар 6 Макаров тапаншасын, сондай-ақ 1 Калашников автоматын тауып, тәркіледі", - деді Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, қару-жарақтар 2 күдіктінің тұрғылықты жерінен және арнайы жабдықталған қоймадан табылған.

​Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталды, ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сотқа дейінгі тергеу шеңберінде істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, сондай-ақ ұсталғандар басқа қылмыстарға қатыстылығы бойынша тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев