Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Із-түзсіз кеткен 14 жасар қыз үш аптадан кейін табылды

Алматы облысының полицейлері жоғалған қызды іздеп тапты.

Із-түзсіз кеткен 14 жасар қыз үш аптадан кейін табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 тамызда Іле аудандық полициясының кезекші бөліміне Междуречинск кентінің 56 жастағы тұрғыны 9-сыныпта оқитын 14 жасар немересінің белгісіз бағытта кетіп, қайта оралмағанын айтып арызданған. Осы өтініш ресми тіркелгеннен кейін полицейлер жедел түрде жасөспірімді іздеуге кірісті. Із кесушілер қыздың әкесімен және қызды өз қамқорлығына алған апасымен тұратынын, ал қыздың анасы басқа қалада бөлек тұратынын анықтады. Жасөспірім үйден кетер алдында әкесі мен қыздың арасында келіспеушілік болған. Қызды іздеу жұмыстарына криминалдық және ювеналдық полиция қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары мен еріктілер жұмылдырылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеудегі жасөспірім аман-есен 30 тамыз күні Қарасай ауданындағы «Алтын Орда» базарының аумағынан табылды. Қыз кафелердің бірінде даяшы болып жұмыс істеген және сонда тұрып келген. Аман табылған қызды тәртіп сақшылары үйіне қайтарып, әжесіне табыстады. Қария полицейлердің табанды ізденісі және кәсіби шеберлігі үшін алғысын айтты. Отбасынан қашып кеткен кәмелетке толмаған бала арнайы есепке алынды. Қыздың әкесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 127-бабының 3-бөлігі мен 442-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.