USD
USD
USD

Алматы облысында іздеуде жүрген аса қауіпті күдікті ұсталды

4 қараша күні Алматы облысы ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қонаев қаласында "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 1991 жылғы К. есімді азаматты ұстады.

Алматы облысында іздеуде жүрген аса қауіпті күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жедел ақпарат бойынша ұсталған адам ҚР ҚК 194 - бабының 4-бөлігі (Бопсалау) бойынша Жамбыл облысының ПД бастамасымен мемлекетаралық іздеуде болған.

Күдікті - деструктивті діни ағымның жақтаушысы. Тінту кезінде одан діни әдебиеттер, қалта пышағы мен балта табылды.

Қазіргі уақытта ұсталған адамның облыс аумағындағы басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау бойынша барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабы шеңберінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар