USD
USD
USD

Алматы облысында инфекцияны жұқтырған 201 адам анықталған

Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 10 адам тіркелді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Алматы облысында инфекцияны жұқтырған 201 адам анықталған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Вирусты жұқтырған 6 адам Талдықорған қаласында, Кеген және Талғар аудандарында әрқайсысында 2 адамнан тіркелді.

«Барлық 10 адам белсенді түрде анықталды, 8-і бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, 2-уі медициналық мекемеге жүгінген кезде анықталды. ПТР-талдау нәтижелері бойынша бұл азаматтарға COVID-19 диагнозы қойылды. Ауырған адамдар алдын ала оқшауланған, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды», - делінген хабарламада.

Олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып оқшауланады және коронавирусқа зертханалық тексерістен өтеді. Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары қолға алынған. 

Қазіргі таңда Алматы облысында инфекцияны жұқтырған 201 адам анықталған.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы